Сұрақтарыңыз бар болса, бір түймен біргеміз

Бізге хабарласу

На этой странице объясняется, как выставить счет покупателю из Личного кабинета. Она является частью подробного руководства пользователя Личного кабинета, которое доступно здесь.

Сілтеме арқылы төлем

Төленетін шот ( сол жақ навигациялық мәзірдегі) бөлімі сатып алушыға электрондық пошта арқылы тауар немесе қызмет үшін төлем жасауға шотты ұсынуға мүмкіндік береді. Шот ұсынылған соң, сатып алушы электрондық хабарды алып, ішіндегі сілтеме арқылы төлем бетіне өтеді.

Электрондық пошта арқылы төлем пішініне сілтемені жіберу

Клиентке шотты ұсыну және электрондық пошта арқылы төлем бетіне сілтемені жіберу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

  1. Жеке кабинеттегі Төлем жасауға шот бөліміне өтіңіз. Жіберу параметрін енгізу беті көрсетіледі:

  2. Төмендегі кесте бойынша параметрлерді реттеңіз.

Реттеу Сипаттама
Төлеу түрі Екі әдістің біреуін таңдаңыз.
  • Бір кезеңді — төлемді жасағаннан кейін сіздің тарапыңыздан басқа әрекеттерді орындау қажет етілмейді.
  • Екі кезеңді — клиент төлемді растағаннан кейін төлемді жеке кабинетте аяқтау керек. Осы әрекеттерді орындамас бұрын сіз төлемді растағанша немесе растаудың күту мерзімі аяқталмағанша, қаражатыңыз клиент шотында ұсталып тұрады (холд).
    Төлем расталған кезде қаражат шотыңызға жіберіледі.
    Растауды күту мерзімі аяқталған жағдайда, клиент шотындағы қаражаттан бұғат шешіледі.
Клиенттің аты-жөні Клиенттің аты, тегі, әкесінің аты. Осы өріске енгізілген деректер төлем бетіне өткізетін сілтемесі бар хатта көрсетіледі.
Электрондық пошта Төлем жасауға сілтеме жіберілетін электрондық поштаның мекенжайы.
Төлеу мерзімі Шот бойынша төлем жасаудың соңғы күні мен уақыты. Осы мерзім аяқталған соң, ұсынылған шот бойынша төлем жасау мүмкін болмайды.
Төлем сипаттамасы Еркін түрде ұсынылған төлемнің сипаттамасы.
Төлем сомасы Төлем сомасын көрсетіңіз. Тапсырыста алдын ала толтырылған тауарлар себеті болса, осы өріс автоматты түрде толтырылады.
  1. Жіберу түймесін басыңыз. Сәтті жіберілген жағдайда, төменде төлем жасау пішініне сілтеме пайда болады:

Төлем жасауға сілтеме түймесін басып, клиентке жіберілген төлем бетін қарап шығуыңызға болады.

Төлем жасауға шотты ұсынған кезде тауарлар себетін құру

Төлем жасауға шотты құру кезінде тапсырыс бойынша тауарлар себетін көрсетуге болады. Себет бөлімі төлем жасауға сілтемені құру пішінінің астында орналасқан:

1. Тауарлар себетін толтыру үшін Тауарды қосу түймесін басыңыз. Қосылатын тауардың параметрлері бар жолақ көрсетіледі. 2. Төмендегі кесте бойынша қажетті өрістерді толтырыңыз.

Өріс Сипаттама
ID Себеттегі тауар позициясының идентификаторы. Автоматты түрде толтырылады.
Атауы Тауардың не қызметтің атауы.
Бағасы Бір тауар позициясының бағасы.
Саны Осы тауар позициясы бойынша тауарлардың саны.
Өлш. бір. Өлшем бірліктері, мысалы: л — литр, дн. — дана.
Сома Толық тауар позициясының жолағы бойынша жалпы сома. Бағасы және Саны өрістерін толтырған кезде автоматты түрде есептеледі.
Артикул Тауар позициясының артикулы.
  1. Тауарлар себетдегі әр позиция үшін қажетті әрекеттерді қайталаңыз. Қосылған позицияны жойғыңыз келсе, түймесін басыңыз.

Тауарлар себетін толтырған соң, клиентке шотты ұсыныңыз.

Сынақ төлем жасау

Сынақ төлем ретінде клиент тарапынан төлем процесін өз бетімен жасап көруіңізге болады. Бұл үшін: 1. Клиентке ұсынылатын шотты жасаңыз. 2. Шоттың сәтті ұсынылғаны туралы хабардағы Төлем жасауға сілтеме түймесін басып, төлем бетіне өтіңіз.

  1. Сынақ карталарының біреуін таңдап, деректемелерін енгізіңіз. Cardholder name өрісін бос қалдырыңыз.
  2. Төлем жасау түймесін басыңыз. Операцияны растау үшін сынақ картасы үшін көрсетілген 3-D Secure кодын пайдаланыңыз.
Санаттар:
eCommerce Личный кабинет
Санаттар
Іздеу нәтижелері